Алматыда Арбат, «Көктөбе» саябағы, Орталық стадионы сынды қаланың маңызды нысандарының жанында 20 дәретхана орнату жоспарланып жатыр. Қаланың туризм басқармасы мемлекеттік сатып алу сайтында өтінім жариялады.
Дәретханалардың жалпы құны – 178,5 миллион теңге.
Құжаттамаға сәйкес дәретханаларда жылытуға арналған қабырға электр конвекторы және суды жылытуға арналған қазандық, сондай-ақ вандалға төзімді дәретханалар, раковиналар мен қол кептіргіштер, сабын диспенсері және т.б. орнатылуы керек.
Бұдан басқа, әрбір дәретхана модулінің кіреберіс есіктерінің үстінде ақпараттық көрсеткіш болуы керек. Ол дәретхана «бос» болса жасыл, ал «бос емес» болса қызыл түсті пиктограмманы көрсетеді.
«Есіктер жабылғаннан кейін әр 15 минут сайын жүйе ескерту сигналын шығарады және кабинаның есіктерін автоматты түрде ашады», – делінген хабарламада.
Дәретханаларда төлемді монета, купюроқабылдағыш және банк картасымен қабылдау жүйесі қарастырылған. Ақы төлегеннен кейін есік ашылып, ішкі жарықтандыру және желдету қосылады. Дәретхана кабинасын пайдалану кезінде есік жабық тұрады.
Техникалық құжаттамаға сәйкес 20 дәретхана келесі мекенжайлар бойынша орнатылады:
«Көктөбе» саябағы (төменгі тұрақ аймағы);
Төлебаев көшесі, Абай даңғылынан төмен (шығыс жағы);
Орынбор көшесіндегі Шухов атындағы сквер (солтүстік жағы);
Орталық стадион (Абай даңғылының оңтүстік жағы);
Дулати даңғылы (Қазақстанның Тұңғыш Президенті саябағына қарама-қарсы аллея);
Көктем-2 шағынауданы (Тимирязева көшесінің бойымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға қарама-қарсы);
Гагарин даңғылындағы аллея (Жандосов көшесі мен Сәтпаев көшесінің арасында);
Байсейітова көшесі (Республика алаңының солтүстік жағы);
Абай даңғылы мен Байсейітова көшесінің қиылысы (оңтүстік жағы);
Панфилов көшесі (Жібек Жолы даңғылының солтүстік-шығыс жағы);
«Астана» алаңы (ҚБТУ университетінің шығыс жағы);
Жібек Жолы көшесі (Желтоқсан көшесінің солтүстік-шығыс жағы);
Байтұрсынов сквері (Жамбыл көшесінің солтүстік-шығыс жағы);
Абай атындағы МАОБТ (шығыс жағы);
Амангелді көшесі (Абай даңғылының шығыс жағы);
Желтоқсан көшесіндегі Иманов гүлзары (Мәметова көшесінің оңтүстік жағы);
«Сары-Арқа» сквері (Алтынсарин даңғылының батыс жағы);
№ 8 шағын аудан (№116 мектеп стадионының шығыс жағы);
«Сайран» автовокзалы (солтүстік-шығыс жағы, Төле би даңғылына жақын);
Шалов көшесі мен Пятницкий көшесінің қиылысы (Солтүстік-батыс жағы).
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024