14-02-23 |
1610 рет қаралған
Алматыда жаңа туған сәбиін 2 млн теңгеге сатпақ болған ерлі-зайыпты ұсталды.
Алматыда жаңа туған сәбиін 2 млн теңгеге сатпақ болған ерлі-зайыпты ұсталды

 

 

 

Күдіктілер перзентханадан шыға салысымен, бірден “мәміле жасауға” беттеген.

Күдіктілер перзентханадан шыға салысымен, бірден “мәміле жасауға” беттеген.

Алмалы ауданында арнайы іс-шараны ҰҚҚКБ жедел уәкілдері мен полицияның арнайы жасақ қызметкерлері бірлесіп жүргізді. Үйлестіруді Алматы қаласының прокуратурасы жүзеге асырды.

«1998 жылы туған Б. есімді әйел мен оның күйеуі 1991 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды. Бірнеше сағат бұрын әйел перзентханадан шыққан. Олар сол жерден бірден мәміле жасауға кеткен. Олар ұлын 2 млн теңгеге бағалаған. Айта кету керек, ерлі-зайыптылар туылмаған бала үшін “әлеуетті ата-ананы” алдын ала іздеген. Жаңа туған нәрестені сатудан түскен ақша айыпталушыларды ұстау кезінде тәркіленді», – делінген хабарламада.

Бұл ерлі-зайыптылардың екі баласы бар екендігі анықталды. Олар ауыр қылмыс бойынша өз кінәларын толықтай мойындады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.