23-02-23 |
910 рет қаралған
Алматыда жойқын жер сілкінсі болса үйлердің 30%-ы қирайды.
Алматыда жойқын жер сілкінсі болса үйлердің 30%-ы қирайды

Алматыда 9 балдық жер сілкінісі болса, тұрғын үйлердің 30% қирауы мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, осындай болжамымен бөлісті.

«Мен Алматы сейсмологиялық қауіпті аймақ екенімен әрине келісемін. Қала 27 техногенді плитаның үстінде орналасқан. Көбі қаланың таулы аймақтарында. Қаланың ең қауіпті ауданы – Түріксіб», – деді Күлшімбаев.

«Алматыда қатты жер сілкінсе, ғимараттардың 60 пайызы құлайды деген пікірлерге не айтасыз?» деген сұраққа жауап бере отырып вице-министр ТЖМ-ның болжамын жария етті, деп жазды , деп Azattyq Ruhy.

«Ғимараттардың 60 пайызы қирайды деген пікірмен келіспеймін. Бірақ, болжам бойынша егер Алматыда 9 балдық жер сілкінісі тіркелсе, тұрғын үйлердің 30 пайызы қирауы мүмкін», – деді ол.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Алматыда жер сілкінді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.