07-03-23 |
1210 рет қаралған
«AMANAT»-тың өкілдері ХҚКО қызметкерлеріне көші-қон мәселесін қалай шешуге ниетті екендіктері туралы баяндады.
«AMANAT»-тың өкілдері ХҚКО қызметкерлеріне көші-қон мәселесін қалай шешуге ниетті екендіктері  туралы баяндады

«AMANAT» партиясынан Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Әсем Рахметова, Галина Семенова және Нұрлан Айманов Петропавл қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында кездесу өткізді.

Мекеме қызметкерлерімен қарым-қатынас барысында Әсем Рахметова партияның халықтың көшіп кетуін азайтуға бағытталған бастамалары туралы айтты.

«Көші-қон мәселесін кешенді шаралар арқылы ғана шешуге болады. Біріншіден, жұмыс орындарын құру, жалақыны көтеру және аймақтың инфрақұрылымын жақсарту керек. Әр ауылда су, жол, интернет және жұмыс болуы тиіс. Мұның бәрі біздің Сайлауалды бағдарламамызда қарастырылған», – деп атап өтті Әсем Рахметова.

Әңгіме барысында ХҚКО қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды. Аймақты газдандыру тақырыбын талқылау үлкен қызығушылық тудырды.

«Өңірді газдандыру мәселесін шешу біздің бағдарламамызда қарастырылған. Осы бағытта партия газ құбырын салу жөніндегі жобаны ілгерілетуге және Астана-Көкшетау – Петропавл бағыты бойынша «Сары-Арқа» жобасын одан әрі іске асыруға ұмтылатын болады», – деді Галина Семенова.

Кездесу соңында депутаттыққа кандидаттар ХҚКО қызметкерлерін 19 наурызда дауыс беруге белсенді қатысуға және сайлауда «AMANAT» партиясын қолдауға шақырды.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.