10-03-23 |
1270 рет қаралған
«Астана – көгалдандыру құрылысы» ЖШС бас директорына 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
«Астана – көгалдандыру құрылысы» ЖШС бас директорына 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды

«Астана – көгалдандыру құрылысы» ЖШС бас директорына 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Агенттік ұсынған мәлімет бойынша, Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2 сотында «Астана – көгалдандыру құрылысы» ЖШС Бас директоры А. Наурызәліге қатысты 9 миллион теңге алу фактісі бойынша істі қарау аяқталды.

Тараған ақпаратқа сүйенсек, параны «Табиғат-Сервис НС» ЖШС директорының орынбасары С.Карлова жасыл екпелерді күтіп ұстау бойынша артықшылық беруі және орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қоюы үшін берген.

«3 наурызындағы сот үкімімен Наурызәлі пара алғаны үшін кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы – 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды», – делінген хабарламада.

Карловаға сот параның он бес еселенген сомасы – 135 миллион теңге көлемінде айыппұл салды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.