22-02-21 |
1670 рет қаралған
Біртановтың үйқамақтағы мерзімі ұзартылды.
Біртановтың үйқамақтағы мерзімі ұзартылды

Нұр-Сұлтанның ауданаралық соты бұрынғы денсаулық сақтау минитрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 2021 жылдың наурызына дейін созды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы экс-министрдің қорғаушысы Дмитрий Куряченко хабарлады 

«Үй қамақта ұстау мерзімі наурыз айының соңына дейін ұзартылды. Мұны заңсыз деп есептеймін. Сондықтан, президенттің атына хат жолдадым. Оған үндеуім жетеді деп ойлаймын»,- дейді заңгер.

Адвокаттың айтуынша, Біртановты үй қамауында ұстау үшін заңды негіздер жоқ.

«Олар өз талаптарында үй қамақта ұстау уақытын ұзартуға заңды негіздер де ұсынбаған. Маған соттың үй қамақта ұстау уақытын неге ұзарта беретіні түсініксіз. Осыған байланысты, Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдадым. Бүгін жаздым, жауап қашан келерін күтемін»,- дейді Куряченко.

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі болған Елжан Біртанов қамауға алынғаны белгілі болған еді. Ведомствоның экс-басшысына бірқатар дәрігерлер мен қоғам белсенділері, Азат Перуашев араша түсті.

Кейін бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қамауда отыру мерзімі 28-ақпанға дейін ұзартылған еді.

Соңғы сот шешімімен Біртанов наурыз айына дейін үйқамақта отырады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.