Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев әскери қоймада болған жарылыстан кейінгі жағдайды баяндады.
“Қазіргі таңда Байзақ ауданындағы жағдай толықтай бақылауға алынды. Өңірдің төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері барынша жұмылдырылды. Апат орын алған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, облыс орталығынан 400-ден астам жатын орын дайындалған. Қосымша 1000-ға жуық орын дайындау мүмкіндігі қарастырылған”, – деп жазды әкім Facebook-тегі парақшасында.
Оның айтуынша, эвакуацияланған тұрғындар керекті жабдықтармен қамтамасыз етілуде.
“Жарылыс зардаптарын жою және эвакуацияланған тұрғындарды керек-жарақпен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Менің басшылығыммен құрылған жедел штаб барлық қажетті шараларды атқаруда. Зардап шеккендер Тараз қалалық және аудандық ауруханаларға жеткізіліп, медициналық көмектер көрсетілуде”, – деп қосты ол.
Еске салсақ, 26 тамыз күні Жамбыл облысындағы әскери қоймада жарылыс болды. Қазіргі уақытта зардап шеккедер саны 66-ға жетті.
-
29.11.2024
-
29.11.2024
-
29.11.2024
-
29.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024