
Батыс Қазақстан облысында магистральды мұнай құбырын көктен шолу кезінде «Қазавиақұтқару» тікұшағы апатты жағдайда қатты екпінмен келіп жерге қонды.
Оқыс оқиға сағат 16:05-те орын алды. «Қазавиақұтқару» АҚ-ға тиесілі МИ-8 тікұшағы «ҚазТрансОйл» АҚ-тың магистральды мұнай құбырлары желісін жоспарға сай көктен шолып, Атырауға кері оралғанда Орал әуежайынан 54 шақырым жерде бар екпінімен қонған.
Соңғы келіп түскен мәліметтер бойынша, ТЖМ-ның құтқару тобы тікұшаққа келіп-жетті. Авиациялық оқиға салдарынан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шеккен.
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қаза тапқан азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бортта 5 экипаж мүшесі және екі жолаушы болған.
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025