Kun.kz ашық диалог платформасының ресми ресурстарында Обухов тау-кен байыту комбинаты қызметкерлерінің ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеуі жарияланды.
Қызметкерлер бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы кәсіпорын қызметінің жұмыс істеуіне қауіп төндіретін проблемалық жағдайлар туралы айтып берді. Биыл наурыз айында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Обухов кен орнының оператор компаниясы – «Тиолайн» ЖШС-нен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты қайтарып алу туралы хабарлама жіберген.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі біздің лицензиямызды тартып аламыз дейді! Бұл қалай болды? Біз салық төлемесек, жарайды. Алайда, біз барлық салықтарды төлеп отырмыз! Біздің Сізден сұрайтынымыз – комбинатты жаппаңыз! Біз өз жұмысымызды істеп жатырмыз! Өзіміздің туған жеріміз Қазақстанға қызмет етудеміз. Шетелдіктер емес, біздің еліміздің азаматтары жұмыс істейді. Ресейден, Қытайдан адамдар келеді деген сөздер естіп жатырмыз. Олар кімдер? Олар жай ғана өздерінің пайдасын алып кетеді. Ал біз осында қаламыз ғой. Бұл – біздің жеріміз! Сізден бізді қорғауды сұраймыз! Біздің комбинатымызды жаппаңыз!»,- делінген жарияланған видео-үндеуде.
«Бүгін біз жұмыс ауысымымызды аяқтадық. Қазір үйлерімізге барамыз. Бірақ бізге ертең жұмыс істеуге рұқсат беріле ме? Біз білмейміз…» – КБК ұжымының көңіл-күйі осындай сипатта.
Келісім-шартты кері қайтарып алу туралы шешім «Тиолайн» ЖШС-де салық берешегінің болуымен формальды түрде реттелетінін атап өткен жөн. Алайда, 2017 жылғы ақпан – 2021 жылғы мамыр аралығында «Тиолайн» ЖШС және «Обухов КБК» ЖШС 605 млн теңгеден астам сомаға салық төледі. Бүгінгі таңда кәсіпорын айтарлықтай аз соманы төлеуі керек, оны жақын арада жабу жоспарлануда.
Салықтық аударымдар кәсіпорынның ұзақ уақыт аралығыда тоқтап қалуының нәтижесінде пайда болды және оның инфрақұрылымының бұзылуының салдары бас құрылтайшысы – қазақстандық Виктор Долгалевті қызметінен шеттету кезеңінде болған.
Осылайша, Долгалевтің ресейлік «ПромАрсенал» ЖШҚ компаниясы (құрылтайшысы – ресейлік олигарх Дмитрий Пяткин) атынан серіктестері 2006 жылы «Тиолайн» ЖШС-ын рейдерлік басып алу мақсатында Долгалевті директор қызметінен сырттай босатты, содан кейін жарғылық капиталды ұлғайту арқылы оның ЖШС-дегі үлесін 20 %-дан 0,049 %-ға дейін төмендетті.
Нәтижесінде, 2011 жылы олар Санкт-Петербург халықаралық жеке төрелік сотының шешімі негізінде Долгалевтің толығымен үлесін жойды. Сот істерінің эпосы басталды. Бірақ, Долгалев бизнестегі бұрынғы 20 % үлесін қалпына келтіріп алды.
Алайда, серіктестер қазақстандық комбинатты 23 млрд теңге сомасына тікелей шығындармен банкроттық жағдайға жеткізді, қызметкерлерді қысқартты, фирманың меншігіндегі мүлікті қайта жазды және «Башқұрт сода компаниясына» КБК сату жоспарын дайындап қойды. Соңғысының акционері Дмитрий Пяткин басқа аффилирленген компания – «Башхим» АҚ арқылы болды. Аталған мәміленің мүмкіндігі А.У.Маминнің атына жазылған ресми хатпен, сондай-ақ сатып алу-сату шарты жобасының болуымен расталады.
Осылайша, КБК-нің барлық мәселелерінің тамыры бірқатар мемлекеттік органдарда айтылғандай бірлескен құрылтайшылардың сирек кездесетін корпоративтік дауында емес. Бұл жағдайда бірегей пайдалы қазбалар Қазақстанда қала ма немесе «Башқұрт сода компаниясына» беріле ме деген мәселе. Егер бұл орын алса, Қазақстан барлық ресурстарды сорып алатын шикізат қосымшасы ретінде ғана қалады.
Естеріңізге сала кетейік, бастапқыда Обухов кен орнында кәсіпорынның дамуы ИИДМБ – ҚР Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында жолға қойылды. Долгалев 2016 жылы кәсіпорынға қайтып келген. Ол болмаған кезеңде жұмысшылар 50-60 мың теңге ғана төлем алған, ал қызметкерлердің бірі тіпті осы ақшамен өмір сүре алмай, өз-өзіне қол жұмсағаны анықталды.
Алайда Долгалев кәсіпорынды жандандырып, титан-цирконий кендерін өндіруді 2019 жылдан бастап қалпына келтіре алды. Жабдықтар жаңартылды, байытудың жаңа желісі құрылды, қызметкерлер ұжымы қайта жиналды, орташа жалақы 306 000 теңгеден асады. Бүгінде кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істейді, қысқы мерзімде 230 адамды, жазғы кезеңде 420 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. КБК сондай-ақ өз қаражатынан тау-кен ісі бойынша мамандарды оқытады, жас аналарға қаражат бөледі, қарттарға арналған пансионатты ұстайды, аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үй сатып алып береді.
2019 жылы Долгалев мәселені шешу үшін серіктестеріне екі нұсқасын ұсынды:
Біріншісі – «Тиолайн» ЖШС қатысушыларының құрамынан барлық құрылтайшылардың шығуы шартымен өзара наразылықтардан бас тартып, татуласу келісімін жасау;
Екіншісі – барлық шығындарға түсініктемелер беріліп, қарыздарды ұзақ мерзімге болса да төлеуге келісім жасалған жағдайда бірлескен жұмысты жалғастыру.
Шабуылдар құқықтық салада да, ашық қылмыстық әдістермен де жалғасуда. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері де болуы әбден мүмкін. Және қылмыстық іс-әрекеттер арқылы өткен жылы Долгалевтің командасын кәсіпорын аумағынан шығаруға тырысулардың бірі жаппай төбелеске айналды, оның нәтижесінде 10 адам ауруханаға түсті. Долгалевтің екі ұлы қатты соққыға жығылды.
Қазіргі уақытта келісімшартты қайтарып алу рәсіміне В.Долгалев шағымдануда. Сонымен бірге, кәсіпорындағы адамдар жұмыс істегісі келеді, бірақ оның орнына күн сайын өз жұмыс орындары туралы алаңдауға тура келеді. Басшылық пен жұмысшылар әр түрлі мекемелерге – ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл «Атамекен» ҰКП-дан Бас прокуратура және Қазақстан Президентінің Әкімшілігіне дейін ондаған хаттар жазды. Алайда, тек «Атамекен» ҰКП қолдау көрсетуге тырысуда.
Бүгінде тек Долгалев «Тиолайн» ЖШС-ті шетелге жіберу жөніндегі мәміленің аяқталуына жол бермейді. Бұл қазақстандық кәсіпорын ең жақсы еуропалық компаниялар деңгейінде жұмыс істей алатындығы дәлел – пайда жағынан да, тиімділігі жағынан да. Осының аясында комбинатты шетелдіктерге сатуға деген ұмтылыс одан да көп сұрақ туғызады.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024