27-02-23 |
2790 рет қаралған
Елімізде ақшаның иісі бар кітап шықты.
Елімізде ақшаның иісі бар кітап шықты

1 наурызда «Инвестиция әліппесі» кітабының таныстырылымы болады.

Тұсаукесер Алматы қаласы, Гоголь 58 мекенжайында сағат 19:00-де өтеді.

Кітап авторлары: Ерқанат Әбени, Бауыржан Шурманов, Ербол Азанбек «Инвестиция негіздері, тәуекелдер» тақырыбында дәріс оқиды.

Кітап университеттерге тегін таратылады. Оқу орындарына Алматыдан алып кетуге болады. Ол үшін Talentcorpkz@gmail.com поштасына жазсаңыз болды (Оқу орнын көрсетіңіз, содан кейін Сізге кітаптарды алып кетуге болатын мекен-жай мен байланыс деректері жіберіледі)

Авторлардың айтуынша, бұл жоба КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС, ол жастардың қаржылық сауаттылығына бей-жай қарамайтын азаматтардың демеушілігінің арқасында жүзеге асқан. Өз кезегінде «ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛІППЕСІ. Ақшаны қалай көбейеміз?» инвестиция туралы қазақ тіліндегі (жаңадан бастаушыларға арналған) тұңғыш кітап болды.

Сондай-ақ кітап «Меломан» интернет-дүкенінің желісіне түсіп, өзіндік құнынан төмен, бар болғаны 990 теңгеден сатылуда.

Енді кітаптың өзі туралы.
«Инвестиция әліппесі. Ақшаны қалай көбейтеміз?» барлығына түсінікті, қарапайым тілде жазылған практикалық нұсқаулық. Авторлар 87 инвестициялық кітапты талдап, қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездескен, Forbes Kazakhstan өкілдерінен инвестициялау принциптері, ақшаға деген көзқарасы туралы сұрап, сонымен қатар трейдингтегі жеке тәжірибелерімен бөліскен.

Бұл қаржылық сауаттылық пен замандастарымыздың өмірінен алынған мысалдар мен тәжірибеге сүйеніп жазылған Қазақстандағы алғашқы іргелі еңбек.

Кітапта сіз инвестициялаудың қарапайым тәсілдерін, ақшаны көбейтудің, қаражатыңызды жоспарлаудың және биржалық сауданың әртүрлі құралдарын таба аласыз, оларды кез келген адам, кез келген жерде пайдалана алады.

Авторлардың айтуынша, кітап беттері жаңадан басылған американдық долларлардың иісі бар арнайы иіссулармен өңделген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.