Бүгін Жанболат Мамайдың сот ісі бойынша жарыссөз басталды. Бұл туралы қоғам белсендісінің жары Инга Иманбай мәлімдеді.
«Прокурор Мамайды 6 жыл 6 ай шартты жазаға кесуін, қоғамдық мәселеге араласпауға, әлеуметтік желі қолдануға, партия құруға 6 жылдан астам уақытқа дейін тиым салуда», – деді ол.
Еске салайық, Мамайға билік өкілдеріне тіл тигізді, қасақана жалған ақпарат таратты және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыптар тағылған. Саясаткер өзі кінәсін мойындамады және тергеуде дәлелдердің жоқтығын алға тартты.