04-04-23 |
510 рет қаралған
Мамайға 6,6 жыл шартты жаза мен қоғамдық мәселеге араласпау сұралды.
Мамайға 6,6 жыл шартты жаза мен қоғамдық мәселеге араласпау сұралды

Бүгін Жанболат Мамайдың сот ісі бойынша жарыссөз басталды. Бұл туралы қоғам белсендісінің жары Инга Иманбай мәлімдеді.

«Прокурор Мамайды 6 жыл 6 ай шартты жазаға кесуін, қоғамдық мәселеге араласпауға, әлеуметтік желі қолдануға, партия құруға 6 жылдан астам уақытқа дейін тиым салуда», – деді ол.

Еске салайық, Мамайға билік өкілдеріне тіл тигізді, қасақана жалған ақпарат таратты және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыптар тағылған. Саясаткер өзі кінәсін мойындамады және тергеуде дәлелдердің жоқтығын алға тартты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.