07-05-24 |
14780 рет қаралған
Қытай хакерлері Ұлыбританияның әскери ақпараттық базасын бұзды.
Қытай хакерлері Ұлыбританияның әскери ақпараттық базасын бұзды

Ұлыбританияның депутаттары өз елінің Қорғаныс министрлігі қызметкерлеріне тиесілі деректер базасының «бұзылғанын» мәлімдеді. Британдық басылымдар мұны Қытай хакерлерінің шабуылымен байланыстырады.

Бұл арада кімдер (шабуыл жасағандар – авт.) екені айтылмайды, бірақ біз оның Қытай екенін түсініп отырмыз, деп жазады Ұлыбританияның Sky News басылымы.

Қытай мемлекеті Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің жеке құрамдағы қызметкерлеріне тиесілі ақпараттық базаны бұзуға екі-үш рет әрекет жасады деп айыпталады.

Кибершабуыл қазіргі әскери қызметшілер мен кейбір ардагерлердің жалақы жүйесіне бағытталған. Негізінен, әскери қызметкерлердің аты-жөні мен банк деректері жария болған.

Консерваторлардың парламенттегі мүшесі және бұрынғы сарбаз Тобиас Эллвуд Қытай «бұл арада ақша беріп, өздеріне тарту үшін қаржылық жағынан осал адамдарды қарастырған болуы мүмкін» деп санайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.