Үгіт-насихат науқаны аясында партиялық тізім бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Владимир Эрман мен Уәлихан Жылысбаев №2 түзету мектеп-интернатының ұжымымен кездесті.
Партиялықтар «AMANAT»-тың Петропавлда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 50 орындық жатын корпусы бар 300 орындық мектеп салу жөніндегі жоспары туралы айтып берді. Сондай ақ қатысушылар ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға жағдай жасау туралы әңгімелесті.
«Қазір қалада «Интерактивті қолжетімділік картасына» енгізілген 311 нысанның 180-і немесе 57,8%-ы біз үшін қолжетімді. Сондықтан партия бірінші кезекте әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін бейімдеуге жәрдемдесетін болады», – деп атап өтті Владимир Эрман.
Партиялықтар «Кедергісіз келешек» жобасын түсіндіруге ерекше назар аударды. Жоба шеңберінде мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған шаралар көзделген.
«Біз балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамтуды ұлғайтуға және қолжетімді нысандардың үлесін 100%-ға дейін жеткізуге ниеттіміз. Сондай-ақ біздің жоспарымызда ерекше қажеттіліктері бар кемінде 500 адамды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу де бар», – деді Уәлихан Жылысбаев.
Кездесу соңында депутаттыққа кандидаттар мектеп-интернат қызметкерлерін алдағы сайлауда «AMANAT» партиясын қолдауға шақырды.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024