21-02-23 |
1820 рет қаралған
Путин әлемді ақымақ санай ма?.
Путин әлемді ақымақ санай ма?

Путин бүгінгі халыққа жолдауында бұрынғы әуеніне қайта басты. Нақтырақ айтсақ Украинадағы соғысқа тоқталып, Батыс елдері Украина арқылы от көсеп отыр, соғысты бастаған Вашингтон, деген сөздерімен ақталды.

Оның айтуынша, Ресей Батыс елдері бастаған соғысты тоқтату үшін еріксіз күш қолданып келеді екен. Тіптен, 1939 жылы нацистік Германияға жол ашып берген Батыс болатын деп қосты. Қазір де Украинада нацистік әскери символика қолданылып, Ресейге қарсы соғыс үшін пайдаланып жатыр деген ойын айтты.

«Адам шығынымен ешкім санасып жатқан жоқ, өйткені бұның артында триллиондаған доллар тұр», – деді Путин.

Бір сөзбен айтқанда Ресей басшысы көрші елге жасаған басқыншылық әркетін ақтап, өздерін Батыстан теперіш көріп келген ел ретінде көрсетіп, әлемді ақымақ қылғысы келеді. Бірақ, ХХІ ғасырда адамзатқа жасалып отырған ешбір қастандықты бүркемелу мүмкін емес.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.