Еліміздегі байлар ақшаларын отандық банкте сақтамайтыны белгілі. Бүгін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мұны растап, 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияда шетелдік банктерде шоттары бар 354 жеке тұлға туралы мәліметтер берілгенін атап өтті. Оның 138-і жоғары қызметтегі адамдар.
Шетелде сақталған қаражаттың жалпы сомасы 1 665 746 550 долларов, бұл 529 132 842 427 теңге.
Шетелдік банктерде сақталған ең көп сома БАӘ-де – 308 млрд теңге, Сингапурде – 158 млрд теңге және Швейцарияда – 36 млрд теңге сақтаулы.
Айта кетсек, былтыр Қаңтар оқиғасынан кейін жоғары қызметте болған адамдардың кейбірі елден кетіп, БАӘ-ге қоныс аударған еді.
Дегенмен, шетелдік банктерде қазақ байларының қанша қаржысы бары туралы биылғы дерек жарияланбады, олар айтарлықтай өзгеруі мүмкін.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024