26-08-22 |
760 рет қаралған
Қазақстанның мемлекеттік қарызы 22,9 трлн теңгеден асты.
Қазақстанның мемлекеттік қарызы 22,9 трлн теңгеден асты

ЕАЭО-ға қатысушы елдердің жиынтық мемлекеттік қарызы шамамен $439 млрд құрады, деп жазды LS агенттігі.

Еуразиялық экономикалық комиссияның деректері бойынша, одаққа мүше елдердің мемлекеттік қарызы 2022 жылғы 1 шілдеде $438,8 млрд-қа жетті (Ішкі қарыз – $353,6 млрд, сыртқы қарыз – $85,3 млрд). Ал 2021 жылдың ұқсас күніне – $342,8 млрд (ішкі – $255,6 млрд, сыртқы – $87,3 млрд). Бір жылдағы өсім – 28% немесе $96 млрд.

Azattyq Ruhy сайтының мәліметінше, Қазақстанда мемлекеттік қарыз 22,9 трлн теңгеден асты, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 3,3%-ға артық. Бұл ретте елдің ішкі борышы 15 трлн теңгені (жылына +1,8%), ал сыртқы борышы 7,9 трлн теңгені (+6,1%) құрады.

Беларуссия елiнiң де қарызы өсті – 6%-ға, 61,7 млрд рубльге немесе 24,5 млрд долларға дейін.
Өз кезегінде Ресейде мемлекеттік қарыз 2,7%-ға, 17,9 трлн рубльге дейін немесе $349,9 млрд қысқарды. Арменияда 7,8%-ға, 4 трлн драмаға дейін немесе $9,9 млрд. Ал Қырғызстанда – 0,3%-ға, 415,3 млрд сомға дейін немесе $5,2 млрд қысқарды.

Айта кетейік, ішкі мемлекеттік қарыз үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы органдардың ел резиденттері алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздары мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша берешегінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Сыртқы мемлекеттік қарыз үкімет пен Ұлттық банктің елдің бейрезиденттері алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздары және басқа да борыштық міндеттемелері бойынша берешегінің құрамдас бөлігі болып табылады.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.