Финляндия, Норвегия, Дания мен Исландияның журналистік кәсіподақтары қойған талап ақыры орындалды. Халықаралық журналистер Федерациясы (IFJ) 22 ақпан күні Ресей журналистер одағын (СЖР) өз ұйымынан шығарғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
«Америка дауысы» басылымының мәліметінше, даудың басы – Украинаның Ресей басып алған аймақтарында СЖР бөлімшелерінің ашылуы болған.
«IFJ – мүше одақтардың бірлігі мен барлық журналистердің құқықтарын құрметтеу қағидаттарына негізделген халықаралық ынтымақтастыққа негізделген ұйым. Ресей Журналистер Одағының аннексияланған Украина территорияларында төрт филиал құру жөніндегі әрекеттері бұл ынтымақтастықты ашық түрде бұзып, журналистер кәсіподақтарына жанжал туғызды», – делінген IFJ Президенті Доминика Прадалидің мәлімдемесінде.
Қаңтар айында Финляндия, Норвегия, Дания мен Исландия журналистік кәсіподақтары IFJ Украинаның оккупацияланған бөліктерінде ресейлік кәсіподақтар филиалдарының құрылуына байланысты нақты шаралар қабылдай алмағандықтан, ұйымды жемқорлыққа қатысы бар деп, одан шықпақ болған.
Доминика Прадали IFJ төрт скандинавиялық кәсіподақпен ынтымақтастық орнатып, олардың сындарын әділ деп тапты.
Халықаралық журналистер Федерациясы Брюссельде орналасқан және 146 елден 600 000 журналистің мүдделерін қорғайды.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024