Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Түркия вице-президенті Фуат Октайға ұсынылған шапанды шапшаңдықпен өзі киіп алған видеосы әлеуметтік желіде таралып, талқыға түсті.
Іле Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов бастығының орынсыз әрекеті, одағай қылығы үшін ақталып әлек болды.
Орынбасардың сөзінше, бастығының видеодағы әрекеті фейк емес. Яғни болған оқиға.
Қалқаманов әуелі қазақша орысша аралас тілде видео жариялады. Мұнысы – қазақтарға арналған деп түсіндік. Кейін орыс тілінде жазба жариялады. Онда шапан оқиғасын «түймедейді түйедей ғып көрсету» деп сипаттайды. Ал облыс әкімі Шөкеев бұл оқиғаға қатысты әлі ешнәрсе айтпады.