
Теміртауда бес қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасының тұтануы салдарынан үш пәтердің қабырғасы опырылып қалды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 12:08-де Теміртау қаласы, Металлургтер даңғылы, 5/2 мекенжайында болған.
«Бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасының шығуы салдарынан үшінші және төртінші қабаттар арасындағы №30, 34 пәтерлер мен екінші және үшінші қабаттар арасындағы №26, 30 пәтерлерде еден аралық опырылған. Үш пәтерге зақым келген», – делінген Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарламысында.
Ведомствоның хабарлауынша, подъездің барлық тұрғыны көшеге көшірілді: 53 адам, оның ішінде жетеуі бала.
Үш тұрғын мен 1989 жылы туған бір пәтер иесі зардап шегіп, олар Теміртау қалалық ауруханасына жатқызылды.
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025