Үстіміздегі жылдың қаңтар-сәуір айларында елімізде қылмыстық жауапкершілікке 655 кәмілет жасына толмаған бала тартылды. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 31,3% азырақ (былтыр 954 жағдай). Олардың ішінде 82,6% бала 16-17 жаста, тағы 17,4% — 14-15 жас аралығында. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған жасөспірімдердің ішінде 60 қыз бар (2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында — 59 қыз болған) деп хабарлайды ranking.kz сарапшылары.
Кәмілет жасына толмаған 425 бала оқып жүрген (бір жыл бұрын 617 , 31,1% азайған). Қылмыстық жауапкершілікке артылған жасөспірімдердің ішінде оқымайтын, жұмыс істемейтіндері — 221 ( былтыр 320 бала, 30,9% аз). Олардың ішінде 78 бала ересектермен бірге қылмыс жасаған ( былтыр 146 минус 46,6%).
2020 жылдың басында 42 жасөспірім қамауда отырған деп хабарлайды Zakon.kz. Ювеналды полиция басқармасы бастығы Әсет Оспанов 2014 жылдан бері Қазақстанда балалардың қатысы бар қылмыс азайып келеді.
Өкінішке қарай аймақтар арасында Алматы обылсы (биыл – 63 былтыр – 88, минус 28,4%) және Түркістан облысы (биыл – 62, былтыр – 90) көш бастап тұр,сонымен қатар Шымкент қаласы (биыл – 58 былтыр – 63 бала) алғашқы үштікке енген.
71,1%, немесе 466 жекеменшікке қол салу айыбы бойынша жауапқа тартылған. Оының ішінде 68%, немесе 317 жағдай ұрлық, сосын 14,6%, немесе 68 — тонау, және 6,7%, немесе 31 — алаяқтық.
Жалпы саннан тағы 12,5% немесе 82 адам жеке бас құқығын бұзу, 34,1% қасақана адам денсаулығына орташа деңгейде зиян келтіру, 29,3% — жыныстық зорлық немесе сексуалды сипаттағы басқа қылмыс түрін 16 жасқа толмаған жасөспірімдер жасаған.
Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті бұзу да ең көп жасалатын қылмыс түріне жатады екен. Мұндай заң бұзушылықпен 74 жағдай тіркеліп, барлық жағдай «Бұзақылық» (73 жағдай) бабы бойынша жауапқа тартылды.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024