28-02-23 |
1370 рет қаралған
Жапония ресейлік шенеуніктер мен компанияларға қатысты санкцияны күшейтті.
Жапония ресейлік шенеуніктер мен компанияларға қатысты санкцияны күшейтті

Жапония билігі Украинаға басып кіруіне байланысты Ресейге қарсы санкцияларды күшейту туралы шешім қабылдап, 48 адам мен 94 ұйымға шектеу қойды. Олардың Жапониядағы активтері бұғатталып, қаржылық операциялары шектеледі.

Санкциялық тізімге, атап айтқанда Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Виктор Горемыкин, Калашников концернінің президенті Алан Лушников, Мемлекеттік кеңестің қызметін қолдау департаментінің басшысы Александр Харичев, оның орынбасары Борис Рапопорт және тағы басқалары ілікті.

Жеке тізімде өзін-өзі жариялаған Донбасс «республикаларының» өкілдері, сондай-ақ Украинаның Запорожье және Херсон облыстарын аннексиялауға қатысқан тұлғалар бар.

Активтеріне тыйым салынатын ұйымдардың тізіміне NPO Kvant, «Вымпел» кеме жасау зауыты, «Факел» конструкторлық бюросы және «Радиавионика» ААҚ кірді.

Сонымен қатар, «Росбанк» пен ЧВК «Вагнер» ұйымдары да санкцияға іліккен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.