06-01-20 |
1770 рет қаралған
Жомарт Ертаев кінәсін мойындады.
Жомарт Ертаев кінәсін мойындады

Қызметін асыра пайдаланып, ақша жымқырды деп айыпталған қазақстандық бұрынғы банкир Жомарт Ертаев сот отырысында өз кінәсін мойындады.

«Кінәмді толығымен мойындаймын, айыппен таныспын және келісемін», – деді Ж. Ертаев мемлекеттік айыптаушының сөзінен кейін сот тыңдауында.

Айта кетейік, 2011-2017 жылдары Жомарт Ертаев Bank RBK-дан қызметтік бабын асыра пайдаланып, басқа да тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы 144 миллиард теңге жымқыруды ұйымдастырды деп айыпталып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 28 бабы, 3 тармағы – 189 баптың  4 тармағы 2 пункті бойынша айып тағылған. Осы іске қатысты 37 адам айтыпталған болатын.  Ертаев 2018 жылы қарашада Мәскеуде ұсталдып, қамауға алынды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.