05-03-21 |
1070 рет қаралған
Тоқаев Әлихан Бөкейханов туралы жазды.
Тоқаев Әлихан Бөкейханов туралы жазды

Бүгін – тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл, деп жазды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

«Бүгін – тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті», – деді мемлекет басшысы.

Ел президенті биылғы мерейтойларға ерекше көңіл бөлуді тапсырған еді.

Әлихан Бөкейханов – қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» ұлттық-демократиялық партиясының ұйымдастырушысы және Көшбасшысы, Тұңғыш Қазақ ұлттық үкіметінің басшысы, ғалым, публицист. Ол өмірін қазақ халқының бостандығы мен саяси тәуелсіздігі үшін күреске арнады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.