13-09-19 |
530 рет қаралған
Мтингілер туралы жаңа заң жобасы жасалып жатыр.
Мтингілер туралы жаңа заң жобасы жасалып жатыр

Алматы қаласы қоғамдық кеңесі  «Қазақстандық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро» директоры, құқыққорғаушы Евгений Жовтистің жобасы негізінде митингілер туралы жаңа заң жобасын әзірлеп жатыр. Бұл жаңа заң жобасы биыл желтоқсан айында парламенттің қарауына ұсынылуы мүмкін екен.

Алматы қаласы қоғамдық кеңес төрағасы Рахман Алшановтың айтуынша, заң жобасы ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне жолданады. Қазіргі кезде әкімшілік, полиция, прокуратура бәрі де жаңа заң жобасын мақұл көріп отырғанға ұқсайды. Десе де Алшанов митинг өткізу үшін тек әкімшілікке ескерту жасау арқылы ғана жүзеге асатын болады дегенмен митингіні өткізу орны жергілікті билікпен келісілетінін де айтқан. Ал жобаны жасаған Евгений Жовтис болса, бұл заң жобасынан ең негізгі үш нәрсенің орындалғанын көргісі келеді.

– Бірінші – рұқсат алу жүйесін құтылу. Екінші – пикет өткізу ешқандай рұқсатты қажет етпейді. Біз дамыған елдердердегі секілді плакат, транспарант алып шығып өз ойымызды айта аламыз. Үшінші – митинг, бейбіт шеру өткізілетін арнайы орын болмауы тиіс. Мәселен, әкімшіліктің «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы кішкентай саябақты беретіні секілді, – дейді Жовтис.

Қ.Тоқаев сайланғаннан бері Қазақстанда митинг, бейбіт шеру өткізу туралы заңды және басқада демократиялық бағыттағы заңдарды өзгерту бастамасы көтеріліп келеді. Жақында құрылған ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде де осы мәселе сөз болған. Ол жиында саясаттанушы Айдос Сарым негізгі бес заңды өзгерту керектігін айтқан еді.

Айдос Сарым: Бес заң түзелер болса, дұрыс сайлау өтеді

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.