05-08-24 |
11090 рет қаралған
Тимур Құлыбаевтың мұнай компаниясына 14 млрд теңгеге жуық айыппұл салынды.
Тимур Құлыбаевтың мұнай компаниясына 14  млрд теңгеге жуық айыппұл салынды

Тимур Құлыбаевқа тиесілі «Каспий нефть» АҚ мұнай компаниясына 14 млрд теңгеге жуық айыппұл салынды.

Атырау облысының прокуратурасы табиғатты қорғау саласының басым бағыты болып табылатын қауіпті қалдықтар айналымына тұрақты қадағалауды жүзеге асырады.

«Каспий нефть» АҚ-ның 2021-2022 жылдары бұрғылау және кен орнын пайдалану қызметінде құралған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарға жинақталу лимитін алмағаны анықталды.

Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесі бойынша Атырау облыстық сотының сот алқасының 02.07.2024 жылғы қаулысымен «Каспий нефть» АҚ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 684 868 730 теңге айыппұл салынды.

Прокуратураның принципті ұстанымы нәтижесінде әкімшілік айыппұл бюджетке өндіріліп, мемлекетіміздің Ұлттық қоры 13 684 868 730 теңгеге толықтырылды, – делінген Атырау облысы прокуратурасы таратқан хабарламада.

«Каспий нефть» АҚ-ның 100% үлесі «Joint Resources» АҚ-ына тесілі. Ал «Joint Resources» АҚ-ның иесі – Тимур Құлыбаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.