2024 жылғы 17 ақпанда Ұлттық қаупсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырған операция шеңберінде Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстары және Шымкент қаласында 8 топты ұстады.
Олардың арасында деструктивті діни ағым жақтастары бар 23 адам бар. 17 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал 6 қатысты келу туралы міндеттеме қолданылған.
«Олар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, соның ішінде терроризмді насихаттау, адамдарды ұрлау, қорқытып алу, сондай-ақ есірткі заттары мен ату қаруының заңсыз айналымына қатысы бар деп күдіктелуде. Жасалған құқыққа қарсы әрекеттерін бірқатар жағдайларда теріс бұрмаланған діни қағидалармен ақтап жүрген», – делінген хабарламада.
Тінту барысында ату қаруы, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер, ақшалай қаражат және есірткілер алынды.
Операцияны өткізуге республиканың 8 өңірінде бірмезгілде 250 күштік құрылым қызметкерлері жұмылдырылды.
Тергеп-тексеру іс-шаралары жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
05.01.2025
-
05.01.2025