24-02-20 |
1660 рет қаралған
Алматыда қару-жарақ тасымалына қатысы бар полицей мен лауазымды тұлғалар сотталды.
Алматыда қару-жарақ тасымалына қатысы бар полицей мен лауазымды тұлғалар сотталды

Алматыда қару-жарақ тасымалына қатысы бар полицей мен лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды деп хабарлайды ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

«2019 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын жеткізудің заңсыз халықаралық арнасының жолын кесті.

Заңсыз айналымнан 3 «Калашников» автоматы, 3 гранатаатқыш, 2 жауынгерлік граната, 14 пистолет, 1700-денастам патрон мен қарудың керек-жарақтары алынды.

Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ішкі істер органдары қызметкерінің қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу фактісі анықталды. Лауазымды адам ҚР ІІМ теңгерімінде тұрған оқ-дәрілерді ұрлауды жүзеге асырған.

Сонымен қатар, қару құрастыру бойынша жасырын шеберхананың әрекеті тоқтатылды.

2020 жылғы 27 қаңтарда Алматы қ. Алмалы аудандық сотының үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айыруға сотталды» деп хабарлайды Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.