Түркістан облысында екі баласын өлтірді деген әйел ұсталды. Әйелді іздеуге облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы, көршілес аймақтар мен мегаполистер бағытталды.
Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді.
«Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады. Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда», – деп хабарлады Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.
Еске салсақ, Түркістан облысындағы тұрғын үйден екі баланың денесі табылған болатын. Кейін оларды өлтірген анасы болып шықты.
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
05.01.2025
-
05.01.2025