ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Ұлттық тестілеу орталығы басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл сатып алулармен байланысты болғаны белгілі. Түрлі мәселелер өткізу үшін шығатын адамдар үшін қонақ үй айқындау мәселесіне қатысты», – деді ол Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Министр адамдардың ұсталғаны туралы ақпараттан да хабары бар екенін айтты.
«Өздеріңіз де білетіндей, агенттік (ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі) ақпаратына сәйкес, оның бірі директордың бұрынғы орынбасары және қазір ол орталықта жұмыс істемейді. Дегенмен, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Екіншісі – ұйымның басшысы», – деді К.Шәмшидинова.
Бұған дейін Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы және қазіргі директорлары сыбайлас жемқорлық күдігіне іліккенін хабараған едік.
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024