Сайлаудан кейін бетпердесіз суретке түскен семейлік депутатардың санитарлық нормаларды бұзғаны дәлелденді. Бір топ «халық қалаулылары» 85 мың теңгеден айыппұл төлейді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Берік Тілебалдин қоғамның қызу талқысына түскен семей қалалық мәслихаты депутаттарына айыппұл салынғанын хабарлады.
«Санитарлық талаптарды бұзған жеке тұлға ретінде әркім ақы төлеуі керек. Айыппұл сомасы – 30 АЕК, бұл шамамен 85 мың теңге. Айыппұлды төлеуге бір ай уақыт бөлінеді, бірақ егер жеті күн ішінде өтесе, оның жартысын төлей алады», – дейді қалалық бас санитар дәрігер Берік Тілебалдин.
Депутаттар екі нұсқада суретке түскен. Соның бірінде бәрі маскасын шешкен. Көпшілік карантин шаралары сақталмағынына наразылығын білдірді.
«Біздің (депутаттар) арамызда екі-үш білікті дәрігер бар, олар егер біз демімізді 30 секунд ұстап тұрсақ, дем алмасақ, бізді бірден суретке түсіретінін айтты. Масканы шешіп, суретке түсіріп, бірден тақтық»-деп ақталған Семей қалалық мәслихатының хатшысы Бейсенбек Ақжалов түсініктемесі де депутаттарды айыппұлдан құтқармады.
Желіде танымал болған екі фотода да Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов пен оның орынбасары Айдар Садырбаев бар.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024