21-10-21 |
640 рет қаралған
Ана тіліңмен бірге орыс тілін де меңгеру керек – Тоқаев.
Ана тіліңмен бірге орыс тілін де меңгеру керек – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында орыс тілін ана тілімен теңестірді. 

Ел президенті қазақстандық балалардың тілді білу мәселесіне түсініктеме бере отырып, мектеп бітіруші түлектердің қоғаммен етене араласу қажеттігін жеткізді.

«Олар бәсекеге қабілетті болулары қажет. Бұл үшін өзіңнің ана тіліңмен бірге мемлекеттік тілді де – орыс тілін де меңгеру керек. Балалар неғұрлым көп тіл білсе, соғұрлым өздеріне жақсы болады. Біз оларға шектеу қоймағанымыз дұрыс, себебі біз осы арқылы олардың гүлденген болашағына кедергі келтіреміз», – деді президент.

Ол cонымен қатар Білім министрлігіне басқа елдердегі көптілділіктің тәжірибесін зерттеп, оны біздің ұлттық топыраққа алып келуді тапсырды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.