30-12-21 |
2000 рет қаралған
Ақпарат министрі Бекболат Тілеуханның эмоциялық әрекетін ақтау қиын екенін жазды.
Ақпарат министрі Бекболат Тілеуханның эмоциялық әрекетін ақтау қиын екенін жазды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәжілістің бұрынғы депутаты Бекболат Тілеухан мен журналист Айнұр Коскина арасындағы оқиғаға байланысты пікір білдірді.

 

«Бүгін парламент ғимаратында журналист Коскина мен сұхбат беруші Тілеухан арасында болған оқиға журналистика кәсібінің ерекше қарым-қатынас дағдыларын қажет ететін ерекше мамандық екендігін кезекті рет дәлелдеді. Әрине, сұхбат берушінің журналистке қатысты эмоциялық әрекетін ақтау қиын», – деп жазды Балаева.

Ол мәдениетті қарым-қатынас этикасы кез келген сұхбат барысында сақталуға тиіс екенін атады.

«Десе де, мәселенің екінші жағы да бар: ол – журналистің кәсіби білігі мен ішкі мәдениеті. Спикердің жеке өмірі құпиялығы мен құқығын сақтау, тақырып ауқымындағы сұрақтардан тыс ауытқымау, диалог логикасын нақты ұстану – бұл ешкім жоққа шығармайтын жалпыға ортақ өркениет ережелері», – деді министр Facebook парақшасында.

Айта кетейік, 29 желтоқсан күні журналист Айнұр Коскина мәжіліс залынан шығып келе жатқан депутат Бекболат Тілеуханға оның көп әйел алуға қатысты ойын сұрады. Депутат өзінің бірнеше әйелі бар екенін айтып, оны ешқашан жасырмағанын жеткізді. Содан кейін журналист Қазақстанда көп әйел алуға тыйым салатын заңды қабылдаған депутат-әріптестері бұған қалай қарайтынын сұрады. Ол әріптестерінің қалай қарайтынын білмейтінін айтып, лифтке кірді. Журналист те оның артынан кірмек болды. Коскинаның сөзінше, Бекболат Тілеухан оны басынан ұрып, монопод штативін сындырған. Содан кейін журналист полиция шақырды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.