Семейлік шенеуніктер пандемия кезінде бағасы бір бөлмелі пәтер құнымен шамалас киіз үй сатып алған. Қымбат бұйым әлі пайдаланылған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері пандемия кезінде мемлекеттік органдар бюджет қаражатын мерекелік атрибуттарға жұмсап, қымбат тауарлар сатып алғанын анықтады.
«Семейде киіз үйлер сатып алынған. Бір киіз үйдің құны бір бөлмелі пәтер бағасымен шамалас. Пандемия кезінде бұл киіз үйлердің не қажеті бар? Осы киіз үйлер Абай Құнанбаевтың мерейтойына сатып алынды деген ресми жауапты біз бір ай бұрын ғана алдық. Бірақ пандемия болғандықтан бұл мерейтой ауқымды атап өтілген жоқ және бұл киіз үйлер қолданылмады. Енді олар мұны Наурызға пайданаланбақ. Не үшін? Киіз үйлерге ақша салынғанына бір жыл болды, ол әлі пайдаланылмады. Жалпы, оларды болашақта қолдану қажет пе?», – дейді мониторингтік топтың жетекшісі Зәуреш Батталова.
Мемлекеттік сатып алулар сайтында Семей Мәдениет үйінің қолдан жасалған 12 хан киіз үйін алынғаны туралы ақпарат бар. Хан киіз үйінің біреуінің құны 5,4 млн теңге. 12 киіз үй алуға 64 млн теңгеге жуық ақша кеткен. Конкурс өткізілген деп танылған.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024