«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев ұлттық қорды қордың қаражатына зиян келтіргендердің «қолын шабу» керек деп отыр.
«Біз өзгелердің – әлі туылмаған қазақстандықтардың ақшасын жеп жатырмыз. Сонымен қатар, 2022 жылы Ұлттық қордың жинақтары ЖІӨ-нің 30 %-ында төмендемейтін қалдыққа жақындайды, ал 2023-24 жылдары олар осы шектен де шығады деп күтілуде», – деген А. Перуашев Ұлттық қордан берілетін 2021 жылға нысаналы трансферт мөлшері 850 млрд. теңгеге ұлғайғанын айтты.
«Сонымен қатар, ағымдағы жылы Есеп комитетінің тексерулерінің нәтижелері бойынша триллион теңгеге бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылғаны анықталды. Құрметті аудиторлар мен тәртіп сақшылары, енді жай қол қусырып отырмай, мұндай істер үшін жауаптылардың, образды түрде айтқанда, қолдарын шабу керек шығар. Ал Ұлттық қордың шекті мөлшері шеңберінен шығу болжамына келетін болсақ: бұл болжам үкіметтің жоспары немесе «мақсаты» ретінде емес, алдын алуға тиісті ағымдағы алаңдатарлық үрдістерді бағалау ретінде қабылдану керек», – дейді Перуашев.
Иә, «образды түрде айтқанда «қолын шабу» керек шығар» деп сөз аяғын бұлыңғырлатыпты Перуашев. Бәсе, Азат Тұрлыбекұлы кімдердің «қолын шапқалы» жүр деп шошып кеттік. Әлде партия төрағасы тәліптердің жаза түрлері көрсетілген видеоларды көп қарап, «рухтанып», ұлттық қордың күзетшісі болуым керек деп шешті ме деп қалсақ…
Жақсы, «образды түрде айтқанда «қолын шабу» керек шығар» дегенге келсек, Перуашев образды түрде кімдердің қолына шабады сонда? премьер-министр Асқар Мәминнің бе? Әлде президент Тоқаевтың ба? Мәселен, былтыры президент «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойған. Ал Мәмин үкіметі сол ұлттық қордан бөлінетін қаржыны игеріп, жұмсайды. Сонда образды түрде айтқанда…
Біздің ше, Азат Тұрлыбекұлына образды түрде сөйлегенде абайлау керек секілді. Әрине, ешқашан іске аспайтын «айтты-ау, ерің» дегізіп парламенттік «оппозиция» рөлін ойнай беруге болады. Десе де образды сөйлегенде сақ болған жөн.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024