18-10-21 |
1710 рет қаралған
Қазақстандық шенеунік Кабулда тәліптердің күзетшісімен суретке түсіп, күлкіге қалды.
Қазақстандық шенеунік Кабулда тәліптердің күзетшісімен суретке түсіп, күлкіге қалды

Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың ауған киіміндегі қарулы адамдармен түскен суреті тарап кетті. Шенеунік тәліптер басқарған мемлекеттің күзетшілерімен суретке түскен. 

 

Белгілі болғандай, Айбек Смадияровпен бірге суретке түскендер Кабулдағы мекемелердің бірінің күзетшілері болып шықты.

«Әрбір елшіліктің өз күзетшілері бар. Біз Ауғанстанға келіп тұрып, неліктен естелікке суретке түсіп алмасқа? Бізде Қазақстанда да үнемі жұмыс формасын киетін күзетшілер бар. Бұл естелік үшін түсірілген суреттер, сондықтан бұдан саяси астар іздеудің қажеті жоқ», – деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, бұдан алдын Қазақстандық делегация Кабулға барған болатын.

«Талибан»* – Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.