Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында әкімдерге орынсыз шығындарды азайтуды тапсырды.
Мемлекеттік органдар басшыларының автопаркін ұстап тұру үшін айтарлықтай бюджет қаражаты жұмсалып келген.
«Бір ғана автомобиль үшін орташа есеппен жылына 6 миллион теңгеден астам қаржы шығындалады. Бірқатар елде жеке қызметтік көліктің орнына ақшалай өтемақы төлеу тәжірибесі енгізілген. Бұл тәжірибе біздің елде де, нақты айтқанда елорда әкімдігінде қолданылған. Мұндай әдіс «Самұрық-Қазына» қорында апробациядан сәтті өтті. Бұл қызметтік көліктердің санын едәуір қысқартуға және әкімшілік шығындарды 1,5 миллиард теңге көлемінде азайтуға мүмкіндік берді»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Үкіметке Президенттің Іс Басқармасымен бірлесіп, мемлекеттік органдардың басшыларын қызметтік көліктермен қамтамасыз етудің жаңа жобасы бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды. Шығынды қысқартуды қажет екенін ескертті.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024