Қазақстанда 1 ақпаннан басталған коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакциналауда шенеуніктер белсенділік танытты. Ел алдында шешінуден тайынбағандар ресейлік «Спутник V» вакцинасы қауіпсіз екенін сендіруге тырысты. Вакцина алғанын айтып, желіні шулатқандар мен әліптің артын бағып отырғандар кімдер?
«Ханның қызы»
Қызылордалықтар «ханның қызы» деп атап кеткен Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қалалық №3 емханада коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырды. Өңірде қатерлі індетке қарсы егу жұмыстарынан әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы мен денсаулық сақтау басқармасының басшысы да тыс қалған жоқ.
Қызылордалық әкім халықты екпе алуға шақырды.
«Дәрігерлер екпеден кейін ине салынған орынға су тигізбеуге және егу орнын жылы ұстауға кеңес берді. Енді соған сәйкес әрекет ететін боламын. Дүниежүзін дүрбелеңге салған індеттің бетін тек екпе салдыру арқылы ғана төмендете аламыз. Сол себепті барша халықты екпе салдыруға шақырамын», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Мәйкішең Бекшин
Ел арасында болжам жасаудан «жылдың үздік сәуегейі» атанып кеткен Жандарбек Бекшин де «хан қызынан» қалған жоқ. Алматыдағы №5 қалалық ауруханада Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин вакцина салдырды.
«Мүлдем уайымдап тұрғаным жоқ. Вакцина қауіпсіздіктің бірінші кезеңінен сәтті өтті. Ресейде екі миллионнан астам адам вакциналанды. Бұл вакцинаның сапасына, тиімділігіне еш күмән келтірмеймін», – деді Жадарбек Бекшин.
Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров пен қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев та вакцинаны Бекшинмен бірге келіп вакцина салдырды.
БҚО әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев пен бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаев алғашқылардың қатарында коронавирусқа қарсы екпе салдырды.
Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы вакцинацияны алғашқылардың бірі болып екпені денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Айманов алды.
Қостанай облысында бір күнде 40 адам вакциналаудан өткен. Егілгендердің арасында облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов, Қостанай облысының мемлекеттік санитарлық бас дәрігері Ермұханбет Дәулетбаев, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Айтбаев және облыстық жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері Ирина Штейгервальд бар.
Таразға да ресейлік «Спутник – V» вакцинасының алғашқы 1000 дозасы жеткізілді. Вакцинаны алғашқылардың бірі болып облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев пен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев қабылдады.
Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев та коронавирусқа қарсы екпе салдырды.
Ал елден бұрын тұмауға қарсы вакцина алып үлгенген Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың денсаулығы жақсы екені осыған дейін хабарланған болатын.
Сапарбаевтың зейнет жасынан асып, тақтан түспей отырған әріптестері вакцина салдыруға асықпайтын сыңай танытты.
Алматы облысынің әкімі Амандық Баталов пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың вакцина алғанына қатысты әзірге ақпарат жоқ.
Қазір Қазақстанның барлық аймақтарында ресейлік «Спутник V» вакцинасы егілуде. 15 ақпаннан бастап Қарағанды фармацевтикалық кешені негізінде шығарылған Gam-COVID-Вaк вакцинасы қосылады. Ал биылғы екінші тоқсаннан бастап отандық QazCovid-In препаратын іске қосу көзделуде.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024