Logo
Іздеу
Айдарлар

Иракта адамдар топтап көмілген орындар табылды.

/
Иракта адамдар топтап көмілген орындар табылды.
Біріккен ұлттар ұйымы Ирактың солтүстігі мен батысында «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы адамдарды топтап көмген екі жүзден аса орын тапқан. Ұйым бұл туралы 6 қарашада мәлімдеді.

Көмілген денелер бұрын экстремистер бақылауында болған аудандардан табылған. БҰҰ-ның Ирак бойынша арнайы баяндамашысы Ян Кубиштің сөзінше, көмілгендердің нақты санын айту қиын, дегенмен онда «мындаған адамның сүйегі бар». 

Мамандар сүйектерді зерттеуге кіріскен, кейін олар туыстарына тапсырылады.

2014-217 жылдары Ирактың басым бөлігі «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының бақылауында болды. 2017 жылдың желтоқсанында Ирак билігі «жиһадшыларды» жеңгенін мәлімдеді.

Azattyq.org