Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
RU
Жаңалықтар

Балаларды митингіге қатыстырғандар жазалануы мүмкін.

Балаларды митингіге қатыстырғандар жазалануы мүмкін.
Ресейде кәмелет жасына толмаған балаларды рұқсат етілмеген митингілерге қатыстырғандар айыппұл төлеп я қамалуы мүмкін. Әкімшілік кодекске енгізілген бұл өзгерісті Мемлекеттік дума алғашқы оқылымда мақұлдады.

Заңды бұзғандар 30-бен 50 мың рубль көлемінде айыппұл төлеуге, немесе 100 сағатқа дейін міндетті жұмыс істеуге, немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Заңбұзушылық екінші рет қайталанған жағдайда айыппұл — 300 мың рубльге, міндетті жұмыс уақыты – 200 сағатқа, ал әкімшілік қамау мерзімі – 30 тәулікке жетпек. 

Лауазымды тұлғаларға салынатын айыппұл сомасы — 600 мың рубль, ал «заңды тұлғаларға – миллион рубль» деп белгіленген.  

Заң жобасын «Единая Россия» фракциясының 69 мүшесі дайындаған.

Azattyq.org

Бөлісу