Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Түркістан облысында «баланы зорлап, өлтірген» күдікті қамауға алынды.

Түркістан облысында «баланы зорлап, өлтірген» күдікті қамауға алынды.
Түркістан облысының Ордабасы ауданында 3 жастағы қызды зорлап, өлтірген күдікті екі айға қамауға алынды. Бұл туралы қазанның 10-ы күні Азаттыққа Ордабасы аудандық сотының тергеу судьясы Алтай Қалықұл хабарлады.

Алтай Қалықұлдың айтуынша, қазанның 8-і күні Түркістан облыстық ішкі істер департаменті тергеу басқармасының тергеушісі 40 жастағы күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 120-бабы («зорлау») және 99-бабымен («адам өлтіру») қылмыстық іс қозғаған. Күдіктіні екі ай мерзімге қамау туралы санкция берілді.

— Күдікті мас күйде үш жастағы өз қызын зорлап, бірнеше жерінен пышақпен ұрып өлтірген, — деді тергеу судьясы.

Azattyq.org

Бөлісу