Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Бұл жайында ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Операция сәтті өтті. Тұңғыш Президенттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол қазір бақылауда. Операция ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығында белгілі кардиохирург Ю.Пяның жетекшілігімен өтті», — деп жазды ол Twitter парақшасында.
1991 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан президенті болған Нұрсұлтан Назарбаев қазір 82 жаста.