Алматы облысы Талғар аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында ұсталған азамат асылып өлді.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, Талғар ауданының полиция басқармасы қызметкерлері 2022 жылғы 3 желтоқсан күні ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 3-1-бөлігінде (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) көзделген қылмысты жасады деген күдікпен бұрын ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабымен сотты болған 19 жастағы күдіктіні ұстап, аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамады.
«5 желтоқсанда шамамен сағат 13:55-те күдікті уақытша ұстау изоляторының камерасында өз-өзіне қол жұмсады»,- делінген хабарламада.
Қайтыс болу фактісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша Талғар ауданы полиция басқармасында Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
«Қазір қажет сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр»,- делінген хабарламада.