Logo
Іздеу
Айдарлар

Астанада Украина Елшілігіне мина қойылды.

/
Астанада Украина Елшілігіне мина қойылды.

1 желтоқсан сағат 17.50-де полицияға Украина Елшілігінің консулынан хабарлама келіп түсті. Айтуынша, электрондық поштаға сағат 15.08-де ғимаратқа жарылғыш зат қойылды деген хабарлама келген.

Бұл факті Есіл ауданы ПБ ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді.

«Оқиға орнына дереу арнайы қызметтер келді. Тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Іс-шара эвакуациясыз өтті, қауіп жойылды», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаға қатысы бар адамдарды іздестіріп жатыр.