Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Соңғы мақалалар

Жазушы Мархабат Байғұт дүниеден өтті.

Жазушы Мархабат Байғұт дүниеден өтті.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт өмірден озды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

– Суыт хабар жетті. Мархабат Байғұт ағамыздың сағаты соғыпты. Бақұл болыңыз, Мархабат аға! Қазақтың аяулы жазушысы Мархабат Байғұт ағамызбен қоштасу 27 қараша сағат 14:00-де Жұмат Шанин атындағы Қазақ драма театрында өтеді. Жаназа намазы сағат 15:00-де Байғұт Баба мешітінде оқылады. Түлкібас ауданы Түркібасы әулие етегіндегі Азаттық ауылының мазарына қойылады, – деп жазды Шыңғыс Мұқан Facebook-тегі парақшасында.

Бөлісу