Logo
Іздеу
Айдарлар

G20 саммитінде Зеленский не айтты?.

/
G20 саммитінде Зеленский не айтты?.

Бүгін Балиде G20 саммиті басталды. Украина мен ядролық қару басты тақырыпқа айналды. Саммитке Украина президенті В. Зеленский онлайн қатысты. Ол бітімгершілікке келудің шарттарын атады.

Оның ұсынысы бойынша тұтқындардың барлығын алмастыру қажет.

«Ресей Украинаның территориялық тұтастығын мойындап, өз әскерін әкету керек және келтірілген шығын үшін өтемақы төлеуі керек. Соғысқа қарсы барлық шараларды жүзеге асырғаннан кейін соғыстың аяқталғанын растайтын құжатқа тараптар қол қоюы қажет. Қазір Ресейдің жойқын соғысын тоқтатын және тоқтатуға болатын уақыттың келгеніне сенімдімін. Бұл мыңдаған адамның өмірін сақтап қалады», -деді Зеленский.

Айта кетсек, 9 қарашада Ресей Херсоннан кеткенін ресми түрде мәлімдеді. Кеше Зеленский Херсонға барып, Украина туының көтерілу салтанатына қатысты.