Logo
Іздеу
Айдарлар

Курчатов қаласында дәмханада тұрған газ баллоны жарылды.

/
Курчатов қаласында дәмханада тұрған газ баллоны жарылды.

Абай облысындағы Курчатов қаласында дәмханада тұрған газ баллоны жарылып, бір адам жарақат алды, деп жазды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы сағат 9:30-да «Жайлаубай» шағын базарындағы жарылыс туралы ақпарат түскен. «Aragosta» деген барда газ жарылған, бірақ өрт шыққан жоқ.

Әлеуметтік желіде жарылыс болған ғимараттың видеосы тарады. Екінші қабаттағы терезелер ұшып кетті, ішінде жиһаз бен техника зақымданды. Жарылыс кезінде бір адам белінен жарақат алды. Оған сол жерде медициналық көмек көрсетілді. Ер адам үйіне жіберілді.