Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Соңғы мақалалар

Елордада 14-қабаттан екі жұмысшы құлап, біреуі көз жұмды.

Елордада 14-қабаттан екі жұмысшы құлап, біреуі көз жұмды.

11 қараша күні Астана қаласының полициясына жұмысшылардың жоғарғы қабаттан құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Тәртіп сақшыларының дерегінше, тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы құрылыс жабдығында тұрған 2 жұмысшының жерге құлағаны анықталды.

«Алған жарақатынан құлағандардың бірі сол жерде қайтыс болды, ал екіншісі ауруханаға жатқызылды. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.

Бөлісу