Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Соңғы мақалалар

Қарақат Әбден республикалық сайлауалды штаб өкілдерімен кездесті.

Қарақат Әбден республикалық сайлауалды штаб өкілдерімен кездесті.

Бүгін Президенттікке үміткер Қарақат Әбден Республикалық сайлауалды штабында жұмыс жүргізіп, үгіт-насихат науқанының барысымен танысты.

«Үміткер сайлауалды жұмыс сапарымен ел өңірлерін аралап жүр. Бүгінге дейін сайлаушылармен 20-дан астам кездесу өткізілді. Қосшы, Қарағанды, Екібастұз, Павлодар, Семей, Талғар, Есік, Ақтөбе қалалары қамтылды. Сондай-ақ ауылдар мен аудандар да назарсыз қалмады. Бұдан, бөлек Қарақат Әбденнің сенімді өкілдері мен жергілікті штаб басшылары да үгіт насихат-жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Жалпы, республика бойынша үміткердің 20 сайлауалды штабы бар, 2000-ға жуық ерікті жұмылдырылды. Үлкен аудан орталықтарында да штабтар жұмыс жүргізуде», — деп жеткізді республикалық штаб басшысы Арман Оразқұлов.

Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні . Алдағы уақытта оның Қызылорда, Ұлытау, Солтүтстік Қазақстан, Қостанай облыстары сайлаушыларымен кездесу өткізетіні мәлім.

Бөлісу