Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Соңғы мақалалар

«Москва» суға батты.

«Москва» суға батты.

Ресейдің «Москва» ракеталық крейсері порттағы тұрағына келген сәтте батып кетті. Бұл туралы Ресейдің қорғаныс министрлігі хабарлады. Министрлік кеме теңіздегі дауылдан тепе-теңдік сақтай алмады деп отыр.

Ресей теңіз әскерінің флагманы саналатын «Москва» кемесі кеше, 13 сәуірде өртенген еді. Ресей тарабы ракеталық крейсерде алдымен өрт шығып, қару-жарақ қоры жарылып, кеме қатты зақымданғанын айтқан. Ведомоства экипаж толық эвакуацияланған хабарлаған, бірақ өрттің неден шыққанын айтпаған еді. Зардап шеккендер бар-жоғы белгісіз.

Ал Украина билігі украиналық кемелерге қарсы «Нептун» ракетасынан «Москва» крейсеріне шабуыл жасалғанын, кеме қатты зақымданғанын айтқан.

«Москва» — Ресейдің Қара теңіздегі ең басты кемесі еді. Кеме «Слава» деген атпен 1983 жылы пайдалануға берілген. 1996 жылы кемеге «Москва» атауы берілген.

Бөлісу